Елордада газ баллоны жарылып, тамақтану орны өртенді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада газ баллоны жарылып, тамақтану орны өртенді

02.12.2020

Нұр-Сұлтанда тағы да газ баллоны жарылып, соның салдарынан тамақтану орнында өрт шықты. Оқыс оқиға Байтұрсынов көшесі бойындағы құрылыс алаңында орын алды. Абырой болғанда, адамдар аман. Өртенген контейнер құрылысшылар күнделікті тамақ ішіп жүрген орын болып шықты. Тілсіз жау жалпы аумағы 150 шаршы метр болатын алаңды түгел шарпыған. Тіпті жанында тұрған ағаштар да өртке орынды. Өрт сөндірушілер контейнерден төрт бірдей газ баллонын алып шыққан. Қазір арнайы құрылған комиссия өрттің шығу себебін анықтау үстінде. 

Еркін Отарғалымұлы, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД басқарма бастығы:
Өрт сөндіру барысында газ баллоны жарылды. Өрттің шығуына байланысты өрт зертханасы бойынша, бірнеше себептер қарастырылды. Біріншісі - қысқа тұйықталу. Екіншісі - қасақана от қою. 

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу