Павлодарлықтарды жылусыз қалдырған мекемеге қатысты әкімшілік іс қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарлықтарды жылусыз қалдырған мекемеге қатысты әкімшілік іс қозғалды

02.12.2020

Павлодарлықтарды екі күн жылусыз қалдырған «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ға қарасты жылу энергетика орталығына қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Павлодар қаласының оңтүстік және шығыс бөлігіндегі 500-ге тарта көпқабатты үй мен әлеуметтік нысандар аязды күні жылусыз қалған болатын. Монополист компания апаттық жағдайға жылу желісінің тозғандығы себеп болды деп мәлімдеген еді. Алайда тексеріс нәтижесінде технологиялық талаптардың сақталмағаны анықталды. Жылу энергетика орталығына айыппұл салынуы мүмкін. 

Болат Аманбаев

Павлодар Жылу беру маусымы айыппұл

Хабарламаларға жазылу