Мейрамдар қарсаңындағы жеңілдік кезінде алаяқтық 3 есеге дейін өседі - сарапшылар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мейрамдар қарсаңындағы жеңілдік кезінде алаяқтық 3 есеге дейін өседі - сарапшылар

30.11.2020

Түрлі мейрам қарсаңындағы жеңілдік кезінде саудада алаяқтық 3 есеге дейін өседі. Нарыққа бақылау жүргізген сарапшылар тұрғындарды сақ болуға шақырды. Интернет-алаяққа алданған адам орта есеппен 12 мың теңге жоғалтса, түрлі акциялар кезінде шығын 36 мың теңгеге жеткен. Қаржы секторына жасалған кибершабуыл да жыл соңында бірден 10%-ға көбейеді. Сондықтан почтаға келген немесе әлеуметтік желідегі фишингтік, белгісіз сайттарды ашпаңыз. Төлем жасайтын кезде сайт мекенжайын мұқият тексеріңіз. Мамандар онлайн саудаға бөлек банк картасын ашуға кеңес береді.  

Ақерке Бектас 


жеңілдік алаяқтық сауда

Хабарламаларға жазылу