Қазақстанда импорттық көліктің бағасы 23%-ке, ал елде құрастырылатын автомобиль құны 13%-ке қымбаттады. Сарапшылар бағаның өсуін шетелден келетін автобөлшекке сұраныс артуымен байланыстырып отыр.
Өйткені бір көліктің 10 мыңнан аса қосалқы бөлшегі бар. Сондықтан мамандар негізгі автобөлшектерді елде жасауға ертерек көшу қажет дейді. Сондай-ақ қолжетімді көлікке сұраныс артқан. Сатып алушылардың 32 пайызы биыл бағасы 5 млн теңгеден аспайтын автомобиль алған.
Ақерке Бектас