Түркістан облысында карантин шаралары жеңілдетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында карантин шаралары жеңілдетілді

30.11.2020

Түркістан облысында карантин шаралары, керісінше, жеңілдетіле бастады. Облыстың бас санитар-дәрігері Нұрбек Нышановтың айтуынша, азық-түлік, киім-кешек базарлары мен сауда орталықтарының жұмыс кестесіне қатысты шектеулердің бірқатары алынып тасталды. Мәселен, сауда нысандары мен түрлі қызмет көрсету орталықтарына сенбі ғана емес, жексенбі және мереке күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді.   


Түркістан облысы карантин

Хабарламаларға жазылу