Жыл басынан бері Астана қаласында өрттен 13 адам қаза тапқан. Ал өрт салдарынан қаза тапқан 13 адамның 3-еуі - балалар. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте белгілі болды. Мамандардың айтуынша, азаматтардың көз жұмуының басты себебі - ішімдік ішу, ұйықтап қалу және балаларды қараусыз қалдыру.
Жалпы 2016 жылдың 9 айында 506 өрт оқиғасы тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 603 болған еді. Яғни, 2015 жылмен салыстырғанда 16%-ға азайған. 2015 жылға қарағанда адам өлімі 27 %-ға кеміген.
Назерке Ахметова