Елорда коронавирус ахуалына байланысты қайтадан «сары аймақтар» қатарына кірді. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласы 24-29 қараша аралығында «жасыл аймақта» болған. Өткен тәулікте бас шаһарда ковидтің 54 жағдайы тіркелді. Сонымен қатар «сары аймақта» Алматы қаласы да қалып отыр. Екі шаһарда ертең мереке күні қоғамдық көліктер мен сауда үйлері әдеттегідей жұмыс істей береді.
Ал Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстары «қызыл аумақта». Қалған өңірлер «жасыл аймақта» болып есептеледі.
Жалпы өткен тәулікте Қазақстан бойынша коронавирустың 794 дерегі анықталды. Ал 274 адам індеттен жазылып шыққан. Вирусты пневмония да азаймай тұр. Кеше тағы 43 адам осы індетке шалдықты.
Шерхан Жамбылұлы