Алматыда көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік үй ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік үй ашылды

30.11.2020

Алматыда көпбалалы аналарға қолдау көрсетуге бағытталған «Рақым» әлеуметтік үйі ашылды. Орталықта қиындыққа тап болған отбасылар үшін тегін жатақхана мен егде жастағы жалғызбасты тұрғындарға қызмет көрсету бөлмелері бар.

 Сонымен қатар, кондитерлік өнімдерді дайындайтын цех ашылған. Жұмысшылар тәтті тағамның 20-дан астам түрін әзірлеп, сатады. Қазір 50-ден астам ана тұрақты жұмысқа орналасқан. Ал жеткізу, сату қызметтері үшін көпбалалы аналардан еріктілер тобы да құрылған.


Алматы көпбалалы ана

Хабарламаларға жазылу