Арал теңізінің тартылуына су қоймаларының каскады себеп болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Арал теңізінің тартылуына су қоймаларының каскады себеп болған

29.11.2020

Бізде су қоймасын салу ғана айтылады. Және бұл тек солай болуы тиіс сияқты қалыптасқан. Қазір мысалы, тоғыз өңірде жылына 3,6 млрд текше метр сыйымдылықпен 39 су қоймасын салу жоспарланған. Іске асыру үшін 115 млрд теңге керек. Су қоймалары тасқын қаупін азайтады, рас. Жұмыс орындарын ашып, жерлерді ауыл шаруашылығына пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ су қоймаларының қаупі туралы да білуіміз керек шығар.

Техника ғылымдарының докторы, профессор Мәлік Бөрлібаев су қоймаларын салу практикасын жою керек деп есептейді, Ғалымның пікірінше, су қоймаларының негативті жақтары да жетеді - балықтардың уылдырық шашуы қиындайды, ауыл шаруашылығы жерлерін су алып кетуі, жағалаулардың отыруы, топырақтың тұздануы сияқты проблемалар тереңдейді. Мұндай әңгіме дәл осы сәтте актуальді көрінбеуі мүмкін, бірақ алдағы уақытта «қалай есепке алынбады?» деген өкіндірсе, таңқалмау керек. Мысалы, Арал теңізінің суалуына су қоймаларының каскады кінәлі. Ақерке Бектас талдайды.    


Арал теңізі каскад

Хабарламаларға жазылу