Биыл еліміздегі авиация саласы 356 млрд теңге шығынға батты

29.11.2020

British Airways авиакомпаниясы дағдарысқа байланысты бірінші класс үшін қолданатын шампан фужерлері мен жұқа фарфор сервиздерді сата бастаған. Оның ішінде қолданбаған, жаңасын да. Сарапшылар ыдыстардың арзанға сатылып жатқанын айтады.

Мысалы, William Edwards маркасының 4 ыдысы 40 фунтқа бағаланған, ал дүкенде бұл марканың бір ыдысы сонша тұрады. British Airways жамылатын жұқа көрпе мен тәпішкелерді де, тіпті ыстық тамақ салып қоятын металл жәшіктерді сата бастаған. Пандемия кесірінен British Airways, испандық Iberia және еуропалық бірнеше тасымалдаушы жыл басынан бері 5 млрд фунт жоғалтқан.  

Ал былтыр олар 2 млрд фунт пайда көрген еді. British Airways қызметкерлерінің үштен бірін қысқартқан. Біздің еліміздің әуе компанияларының жағдайы қалай? Данияр Қайыртай зерттеді.  


авиация ұшақ билет

Хабарламаларға жазылу