Осы аптада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Осы аптада «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ съезі өтті

29.11.2020

«Nur Otan» партиясының парламент сайлауы алдындағы кезектен тыс XX съезі коронавирус пандемиясына байланысты онлайн режимде өтті, орталық аппараттың кеңсесінен партия лидері, Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Парламент Мәжілісінің төрағасы Н.Нығматулин, Премьер-Министі А.Мәмин, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Ә.Исекешев, партия төрағасының орынбасары Б.Байбек, Н.Назарбаев қорының басшысы Д.Назарбаева қатысты. Өзге делегаттар 20 шақты қаладан онлайн режимде қосылды.  

Қасым-Жомарт Тоқаев билік партиясының сайлауалды бағдарламасын жариялап, алдағы бес жылда оны жүзеге асыруға 21 трлн теңге жұмсалатынын мәлімдеді.

Цитата: «Елімізге дамудың жаңа парадигмасын ұсынуымыз қажет. Осы мақсатта біз 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын қабылдаймыз.  

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев - Бұл науқанның ашық, әділ әрі заңды өтуі үшін барлық жағдайды жасаймыз. Мен, Мемлекет басшысы ретінде, мұны жіті қадағалаймын, – деп қорытындылады.  Асима Нұрбайқызының материалы.  


Nur Otan партия съез

Хабарламаларға жазылу