Елордада «Айбын-2020» әскери-патриоттық жиынының жабылу салтанаты өтті. Бұл рәсім бейнебайланыс арқылы Қазақстанның барлық өңірінде онлайн түрде көрсетілді. Іс-шараға қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысып, жеңімпаздарды құттықтады. Республикалық жиын екі ай бойы өткен еді. Онлайн-форматта 39 команда жарысты.