Коронавирус ритейл нарығына да айтарлықтай әсер еткен. Мәселен пандемия басталғалы шопингке шығып, киім-кешек немесе тұрмыстық заттар сатып алатын адамдар 40 пайызға азайған. Әрине бұған ең алдымен карантиндік шектеулер мен азаматтардың тұрақты табысынан айырылуы себеп дейді мамандар.
Есесіне электронды сауда көлемі үш есеге артқан. Індет өршіген тұста сатушылар тауарын онлайн кеңістікте сатуға көшкен. Ұлттық банктің дерегінше бірінші мамырдан бері елімізде сегіз жарым триллион теңгеге электронды сауда жасалған.
Досжан Маратұлы