Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссия отырысы өтті

27.11.2020

Мүліктік құқықтарды ұжымдық басқаратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі комиссияның онлайн отырысы өтті. 8 ұйымнан түскен өтініш қаралып, тек екеуі аккредиттелді. Бұлар «Қазақстан авторлық қоғамы» мен «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы. Ал қалғандары заңда көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған. Сондай-ақ авторлар мен құқық иеленушілер алдында міндеттемелерін орындамауы негіз болды.

Серік Ақылбай, ҚР ӘМ Қоғамдық кеңесінің және «Қазақстан заңгерлерінің одағы» РҚБ төрағасы:
Авторлардың төлейтін ақылары толық болмады. Әкімшілік мақсатта, өздеріне жұмсаған ақшалары 30 пайыздан асып отырды. 
Мұрат Әбенов, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті, қоғам қайраткері:
Авторлар көп жағдайда алданып қалатын сияқты, біреуге сеніп тапсырып, ол қаржысы кімге барып жатқаны, қай жерде тұрғаны кімге қандай үлесі бар екені түсініксіз. Мысалы, ресторан, дәмханалардың жұмыстарын қарап жүріп, бұл ұйым ақшаны жинайды, бірақ олар авторлардың қолдарына бармайтынын байқадық.

Хабарламаларға жазылу