Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шекті

27.11.2020

Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллон жарылып, 8 адам зардап шекті. Олардың үшеуі бала. Төртеуінің жағдайы өте ауыр. 14 жастағы баланың денесін 98 пайызға күйік шалған. Ал 48 жастағы тұрғынның денесі 82 пайызға күйген. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ, алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады. Болжамы бойынша, баллон пештің жанында тұрған. Апатқа осы жағдай себеп болуы мүмкін. Науқастарды аман алып қалу үшін Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан білікті мамандар шақырылды. 

Арман Жансенгіров Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Төрт консилиум өткізілді. Екі науқастың жағдайы профильді бөлімге ауысты. Санавиация арқылы бір дәрігер-комбуссиолог келді. 

Сондай ақ бүгін түнде Павлодардың іргесіндегі Кемеңгер ауылында 6 бөлмелі үй бүкіл қора-қопсысымен әп сәтте жанып кетті. Өрт кезінде газ баллоны жарылған, тағы бір баллонды құтқарушылар үйден алып шықты. Тұрғындар үйден шығып үлгерген.    

Қуаныш Қанатұлы

Хабарламаларға жазылу