Алдағы саяси науқан әділ әрі ашық өтуі тиіс. Еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы бақылаушыларының республикалық штабы арнайы отырыс ұйымдастырды. Басқосуда Парламент Мәжілісі мен түрлі деңгейдегі мәслихаттар сайлауы кезінде байқаушыларға жүктелген міндеттер мен атқарылар шаралар пысықталды. Айта кетерлігі, федерация науқанға 5700 бақылаушы ұсынып отыр. Оған дейін олар арнайы курстардан өтіп, тренингтерге қатысады. Қауіпсіздік шаралары да қатаң сақталады.
Нұрлан Өтешов, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары:-Санэпидемиологиялық нормаларды таныстыра, соларды қайта сақтауды сұрап жатамыз. Ертеңнен бастап бізде кәсіподақтардың араларында оқу басталайын деп жатыр.
Дарын Сағитов