Елімізде жыл басынан бері жарты миллион адам салық рақымшылығының шапағатын көрді. Олар негізгі қарызын төлегендіктен, өсімпұлдары кешіріліп отыр.
Мәселен рақымшылыққа іліккен 513 мың жеке тұлғаның жер, көлік салығы бойынша жеті миллиард теңгеге жуық берешегі болған. Ал өсімпұл 772 миллион теңге. Енді салық рақымшылығының аясында негізгі қарызын өтегендердің өсімпұлы кешірілді. Айта кетейік, рақымшылық жыл соңына дейін жалғасады.
Досжан Маратұлы