Елімізде жұмыс істейтін шетелдіктердің зейнетақы мәселелері реттеледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жұмыс істейтін шетелдіктердің зейнетақы мәселелері реттеледі

26.11.2020

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдіктер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударған жарна мөлшеріне қарай, заң шеңберінде тиісінше төлем алады. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң қабылданды. Қазір халықаралық ұйымға қарасты елдердің мұндай төлем жүйелері әртүрлі. Дегенмен, аталған келісім жұмысшылардың зейнетақы мәселелерін реттеуге мүмкіндік береді.

Біржан Нұрымбетов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 
-Әрбір мүше мемлекет зейнетақы алу құқығын айқындап, оның мөлшерінің өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес есептейтін болады. Келісімнің күшіне енуі Еуразиялық интеграцияны дамытудың келесі кезеңі болып, Одақ шеңберінде біздің және қатысушы басқа да ел азаматтарының әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз. 

Дарын Сағитов 

шетелдік зейнетақы

Хабарламаларға жазылу