Қазақстанға шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанға шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды

26.11.2020

Елімізге шетелден ұшып келген 2 жолаушыдан коронавирус анықталды. Өткен тәулікте республика аумағына Египет, Түркия, Оңтүстік Корея, Біріккен Араб Әмірліктері, Нидерланд мемлекеттерінен 12 халықаралық әуе рейсі келген. Бір ғана Алматы халықаралық әуежайына соңғы 2 аптада 53 мың жолаушысы бар 400-ге жуық рейс жасалыпты. 5 мың адамда COVID-19 вирусына тапсырған ПТР анықтамасы болмаған. Тест тапсыру үшін карантиндік стационарға жатқызылған жолаушылардың 47-сінен вирус табылған. Сондай-ақ анықтаманың жоқтығынан шетелдің 23 азаматы депортацияланды. Алматы халықаралық әуежайына өзге елдерден келушілер үшін карантиндік 6 стационар жасақталған.

Жазира Оразқызы

коронавирус ПТР

Хабарламаларға жазылу