Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талап пен тексеріс күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына талап пен тексеріс күшейеді

26.11.2020

ҮЕҰ өкілдері «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығынан мемлекеттік грант алғаннан кейін оның есебін тапсырудың машақаты көп дейді. Өйткені келісімшартта «тапсырыс беруші қосымша қағаз сұратуға құқылы» деген тармақ бар. Яғни, барлық құжат тапсырылса да, қағазбастылықтан арыла алмай келеді. Ал жауапты орган бұл мәселенің қаржылық себептермен әлі күнге дейін электронды жүйеге көшірілмегенін айтады. Енді бұл мәселе жуық арада қаралатын болды. Жалпы биыл ҮЕҰ-ға 96 грант бөлінген. Оның ішінде суицидпен күреске 18 млн теңге қарастырылған. Бірақ өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша еліміз Орталық Азияда әлі алдыңғы қатарда тұр. Ал ажырасу фактісі бойынша дүниежүзінде 10-орында. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі де бұл мәселелердің нәтижесіне көңілі толмайтынын жеткізді. Сондықтан енді ҮЕҰ жұмыстарына талап пен тексеріс күшейтілмек. 

Ақниет Балтанова

Үкіметтік емес ұйым

Хабарламаларға жазылу