ШҚО-да шекарадан өтуге қажетті жалған анықтама сатқан медициналық ұйым анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да шекарадан өтуге қажетті жалған анықтама сатқан медициналық ұйым анықталды

26.11.2020

Шығыс Қазақстанда шекарадан жалған анықтамамен адам өткізіп келген жеке медициналық ұйым анықталды. Заң бұзушылықты орталық директорының орынбасары мен бас дәрігердің өзі ұйымдастырған. Олар әр заңсыз дәрігерлік консультациялық комиссия қорытындысын 5 мың теңгеге сатқан. Мекемеден 200 жуық айғақ зат тәркіленді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаменті қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер кінәсін толық мойындап, оларға мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл тағайындалды. 

Нысаналы Ығыл

ШҚО жалған анықтама

Хабарламаларға жазылу