Қазақстан Қырғызстанға 400 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан Қырғызстанға 400 млн теңгеге гуманитарлық көмек жіберді

25.11.2020

Қазақстан Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберді. Бұған дейін көрші елдің Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев коронавируспен күресіп, бюджет тапшылығын жою үшін елімізден көмек сұрап келген еді. Енді еліміз гуманитарлық көмек жіберіп отыр. Жүктің жалпы құны 400 миллион теңгеге жуық. Ол өкпені жасанды тыныстандыратын 400 аппарат және екі миллионнан астам медициналық бетперде.  

Досжан Маратұлы  


Қазақстан Қырғызстан гуманитарлық көмек

Хабарламаларға жазылу