Ядролық сынақтан зардап шеккендерге төлем жаңадан тағайындалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге төлем жаңадан тағайындалмақ

25.11.2020

Ядролық сынақтан зардап шеккендерге төлем жаңадан тағайындалуы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі осындай ұсыныс айтып отыр. Біржан Нұрымбетовтың сөзінше, Семей ядролық полигонындағы сынақтан зардап шеккен бір жарым миллион адам бар. Оларға жәрдемақы сынақтың зардабына қарай төленуі тиіс дейді. Әрі медициналық көмек те соған сай көрсетілуі керек. Ал қазіргі заң бойынша төлемақы сынақ полигонына қаншалықты жақын орналасқанына қарай төленеді. Бұл дұрыс емес дейді министр. Бастама қолдау тапса, төлем тағайындаудың жаңа жүйесін Әлеуметтік кодекске енгізу жоспарланып отыр. 

Досжан Маратұлы  


Ядролық сынақ төлем Семей ядролық полигоны Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Хабарламаларға жазылу