Нұр-Сұлтанда дәмханалар жоспардан тыс тексеріледі
Нұр-Сұлтанда болған жойқын жарылыстан соң, газ баллон қолданатын дәмханалар түгел тексеріледі. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі осындай хабарлама таратты. Ақпаратқа сай, елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасымен арнайы жұмыс тобы құрылған.
Оның құрамына Төтенше жағдайлар департаменті, Ішкі істер министрлігі, тұрғын үй инспекциясы, әкімдік және өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің өкілдері кірген. Әкім орынбасары Бақтияр Мәкен басқаратын мобильді топ, тексерісті жоспардан тыс жүргізеді. Егер заң бұзушылықтар анықталса, нысан иелеріне айыппұл және одан да қатаң жаза қолданылмақ.
Еске салайық, өткен демалыс күндері тамақтану орнында газ баллондары жарылып, салдарынан 2 адам қаза тауып, 30-дан астам адам жараланған еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада түз тағысы босатылды
18.09.2025, 14:30

ЖИ-ді білім саласына енгізудің ұлттық стандарты бекітілді
18.09.2025, 14:27
Су деңгейін бақылайтын цифрлық жүйе құрылады
18.09.2025, 14:24
Елордада «Astana Archive Fest – 2025» халықаралық форумы басталды
18.09.2025, 14:21
Жас дін көшбасшыларының ІІ форумы нақты шешімдер алаңына айналды
18.09.2025, 14:18
Астанада Бейбітшілік және келісім саябағы ашылды
18.09.2025, 14:15
Украинаны қаруландыруға тағы $3,5 миллиард бөлінеді
18.09.2025, 14:12
Газадағы соғыс құрбаны 65 мыңнан асты
18.09.2025, 14:09