Ресейге заңсыз ПТР-тест тасымалдамақ болған азамат ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейге заңсыз ПТР-тест тасымалдамақ болған азамат ұсталды

25.11.2020

1000 ПТР-тестілеуді Ресейге заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды. Экспорттауға тыйым салынған жүктері бар көлікті Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері «Сырым» шекара бекетінде қолға түсірді. Ол Алматыдан Мәскеуге бет алған. Тексеру кезінде 1000 дана ПТР-тесттен бөлек, 3100 дана медициналық халат анықталған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік құжат толтырылып, іс соттың қарауына жіберілді.

Амангелді Сейітхан

экспорт птр-тест

Хабарламаларға жазылу