Салымшыларға жеңілдіктер жасалып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Салымшыларға жеңілдіктер жасалып отыр

24.11.2020

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасы бойынша Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен займ рәсімдеп, BI Group компаниясынан пәтер алған тұрғындар ипотеканың алғашқы жылында несие бойынша пайыз төлеуден босатылады. Мұндай мүмкіндік банк пен құрылыс компаниясы арасындағы келісімшарттың нәтижесінде мүмкін болып отыр.  

BI Group компаниясы Шаңырақ бағдарламасының қатысушыларына екі жеңілдікті қатар ұсынып отыр. Салымшы таңдауды өзі жасайды. Мүмкіндіктердің бірі – үй бағасына 7% жеңілдік жасау. Кейінгісі – құрылыс компаниясы 12 ай бойы несие пайыздарын төлеуден босатылып, тек жинағына ғана салым жасайды.  

Жансұлтан Матаев, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ орталық филиалының директоры: 
-Нұр-Сұлтан қаласындағы бүгінгі таңда бір кісіге берілетін несиенің жоғары шегі 18 млн болса, сәйкесінше оның ай сайынғы төлемі 139 мың 800 теңге төлеу керек болса алғашқы 12 айда 64 мың 800 теңге ғана төлейді. 

Шаңырақ бағдарламасы бойынша жүзден аса компания баспана көтеріп жатыр. Бірақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне ұтымды ұсыныспен шыққан BI Group компаниясы ғана. Ондағы мақсат бағдарлама қатысушысының уақытша пәтер жалдап тұруына жәрдем беру. Себебі, Шаңырақ жобасының талаптары бойынша салымшының атында баспана болмауы керек.  

Әсел Жүнісова, BI Group компаниясының коммерциялық директоры: 
-Тұрғын үй кешені салынып біткенше, яғни 1 жыл мерзім ішінде тұтынушының несие пайыздарын компания өзі жауып отырады.  

Бүгінде «5-10-20» бағдарламасымен бір мыңнан астам адамға несие берілді. Тағы 4200-ге жуық салымшының өтініші мақұлданған. Сондай-ақ 5000-дай өтінім қаралып жатыр.    

Нысаналы Ығыл 


Салымшы BI Group Шаңырақ бағдарламасы

Хабарламаларға жазылу