Ақтөбеде 9 жасар бала ауруханада көз жұмды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде 9 жасар бала ауруханада көз жұмды

24.11.2020

Ақтөбеде 9 жасар бала ауруханада көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол пневмониямен ауырған. 

Баланың іші ауырып, құсқан. Сондықтан бастапқыда ішек инфекциясы диагнозы қойылған. Алдымен Хромтау аудандық ауруханасында ем алып, кейін облыстық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексеру қорытындысынан кейін нақты диагнозы белгілі болады дейді. Комиссия тексеруді бастады.

Бекболат Ізбасаров, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Инфекциялық стационарда қосымша тағы зерттеу жүргізіліп, пневмония анықталған болатын. Бірақ ПТР сынамасы теріс қорытындысын көрсеткен.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу