Трамп билікті тапсыруға келісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп билікті тапсыруға келісті

24.11.2020

АҚШ президенті Дональд Трамп президенттік сайлауда жеңілгенін мойындамаса да, билікті тапсыруға келісті. Вашингтонда оның бұл туралы қысқаша хаты Джо Байденнен жеңілгенін мойындаудың белгісі деп қабылданып отыр. 

Айта кетсек, Құрама Штаттарда президенттік сайлау қарашаның 3-де өтті. Оның қорытындысына күмән келтірген Трамп бірнеше рет сотқа шағымданды. 

Байден өз әкімшілігіндегі тағайындаулардан кейін сыртқы саясат бойынша командасын құра бастады. 58 жастағы Энтони Блинкен Мемлекеттік департаментті басқаратын болды. Ол кезінде НАТО-ның Ливиядағы операциялары мен Батыстың Сирия істеріне араласуын қолдады. Және де Блинкен адам құқығын қорғауды маңызды деп атап, Ирак пен Ауғанстандағы әскерді асығыс әкетуді құптамай отыр. Бұған қоса, болашақ мемлекеттік хатшы Израильдің қауіпсіздігін әрдайым қамтамасыз ету қажеттігін мәлімдеп, Қытайдың жаңа технологиямен азаматтарды бақылауына алаңдаушылық білдірген.

Арыстан Рысбек

АҚШ

Хабарламаларға жазылу