Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар

24.11.2020

Елімізде коронавирусқа қарсы дәрі-дәрмектің екі айлық қоры бар. Бұл туралы «СК-Фармация» өкілдері айтты.

Қазір індетті емдеуге арналған препараттардың 44 түрі бекітілген. Қоймада соның 41-і дайын тұр. «Ал қалған 3 түрі осы аптаның соңына дейін келеді»,-дейді мамандар. Дәрі жетіспеушілігінің алдын алу үшін медицина ұйымдарын қажетті препараттармен қамту тәртібі өзгерген. Яғни, енді «СК-Фармация» ауруханалар мен емханалардан өтініш түскенін күтіп отырмай-ақ дәрі қоры азайған мекемелерге автоматты түрде жеткізіп отырады.

Ерхат Есқалиев, «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы:
Біз жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Ең алдымен «Қызыл дәлізге» енген аймақтарды қамтимыз. Қай өңірде жағдай ушығып кететінін нақты ешкім білмейді. Сондықтан биыл дәрі-дәрмек жеткізу ісіне өзгеріс енді. Мәселен, жағдай қиындап жатса жекеменшік дәріханаларға да дәрі жеткіземіз.

Амангелді Сейітхан

коронавирус дәрі-дәрмек

Хабарламаларға жазылу