Аймақтық БАҚ хабарлағандай, бала 11 қарашадан бері ауырған. Ата-анасы оны алдымен өздері тұратын Хромтау ауданының ауруханасына қаратқан.
«Дәрігерлердің айтуынша, бала 11 қараша күні іші ауырып, құсқан. Хромтау ауданының дәрігерлері көмек көрсеткен. Бірақ, жағдайы жақсармаған соң, 16 қараша күні Ақтөбе облысының балалар ауруханасына барған, ол аупухана баланы инфекциялық стационарға жатқызған. Дәрігерлер баланың өкпесі қабынғанын анықтады, бірақ, ПТР анықтама коронавирусты таппаған. Өкінішке қарай, баланы құтқару мүмкін болмады», - деген аймақтық БАҚ-қа ақпарат берген Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бекболат Ізбасаров.
Қазір облыс бойынша, Ізбасаров атап өткендей, 44 адам пневмониядан емделіп жатыр. Екеуі жан сақтау бөлімінде.