Маңғыстауда 17 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстауда 17 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылды

23.11.2020

Маңғыстауда пандемия кезінде бизнесі тұралаған 17 мыңға жуық кәсіпкер салықтан босатылды. Бұл шағын және микробизнеспен айналысатын азаматтар. Жауаптылар салықтан бөлек, оларға түрлі жеңілдік те қарастырылғанын айтады. Ал 400-ден аса кәсіпкердің 14 млрд теңгеден аса негізгі қарызы мен сыйақы төлемін өтеу кейінге шегерілді. Ал жиырмадан аса жобаға 1 процентпен несие беріліп, биыл өңірде 128 жұмыс орны ашылған.  

Ақерке Бектас


Маңғыстау кәсіпкер салық

Хабарламаларға жазылу