Ресейде шығатын «Новая газета» басылымы армян саясаткері Андриас Гукасяннан интервью алған. Содан цитата:
«Жеңілмейтін армия туралы миф бар еді. Армияны сынау – жаудың диірменіне су құюмен тең сияқты болатын. Олай тек рухы жоқтар айтатындай есептелетін. Алайда миф тек саяси мәлімдемелерде еді. Әскери мерекелер мен парадтарда бізде кәсіби жағынан Әзірбайжанның армиясынан бірнеше есе мықты, ержүрек армия деген сөздер айтылды. Негізінде Армиядағы проблемалар туралы айтылатын да, жазылатын да. Мысалы, әлімжеттіктің кесірінен жылда ондаған солдаттың мерт болады. Олардың аналары наразылық білдіріп шықса, басып тасталатын. Алайда армиядағы проблемалар соңғы планға ысырыла берді».
Өзінің төрағалығымен өткен Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды. Оның сөзінше, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшыраған. Бұл бір мәселе.
Тағы бір мәселе - әскерилерді әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғау. Президент келесі жылдан бастап күштік құрылымдарға арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы артатынын, алдағы 3 жыл ішінде әскери қызметшілерге берілетін төлемді орташа есеппен 30 процентке көбейту туралы шешім қабылданғанын хабарлады. Президент сөзін тұжырымдап Шерхан Жамбылұлы баяндайды.