Президент коронавируспен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу жалғасатынын атап өтті.
Ол сөзінде: - Денсаулық сақтау нысандарының жартысынан астамында заң бұзушылықтар анықталған. Ауруханалар әр түрлі зонаға толық бөлінбеген. Нәтижесінде емделушілер мен аурухана қызметкерлерінің індет жұқтыру қаупі сақталып отыр, деді.
Иә, тәуекел аймағында жүрген адамдардың еңбегін бағаламаса болмайды деген аргумент темірдей. Бірден айтайық, әңгіме үстемақы туралы. Ал негізі, көктем мен жазда төленген өтемақыны - екі млн теңгені ала алмағандар бар. Ақерке Бектас жалғастырады.