Синоптиктер 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады.
«Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің кей жерлерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі.
Республикамыздын оңтүстік бөлігінде күн 4-8℃-қа дейін төмендейді», делінген Қазгидромет хабарламасында.