Президент бүгін «География және су қауіпсіздігі институты» басқарма төрағасы Ахметқал Медеуді қабылдады. Ол Мемлекет басшысына ғылыми орталықтың негізгі бағыттары мен оны дамытудың басымдықтары жайында баяндады. Президент Арал теңізі, Сырдария мен Жайық өзендері, сондай-ақ, өзге су қоймаларына қатысты проблемаларды шешуде су қауіпсіздігін зерттеудің маңызды екеніне тоқталды.
Фариза Мұсақызы