Алматы облысында пандемия басталғалы карантин талаптарын бұзу дерегі мыңнан асты. Жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, қоғамдық орындарда бір аптаның өзінде 83 жағдай тіркелген. Негізінен сауда орындары мен сән салондарында санитайзерлер орнатылмай, тұрғындар бетперде тағу тәртібіне бағынбаған. Қазір 1003 әкімшілік хаттама толтырылған. Өңірде 35 мониторингтік топ жұмыс істеп, карантин талаптарының орындалуын қадағалауда.
Қуаныш Қанатұлы