ШҚО-да кен қазатын мердігерлер табиғи резерват аумағын бүлдіріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да кен қазатын мердігерлер табиғи резерват аумағын бүлдіріп жатыр

19.11.2020

Шығыста кен қазатын мекемелер ерекше қорғалатын аймақтағы жерлерді бүлдіріп жатыр. Алтын өндіретін мекеме «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватына қарасты Тау-Дала филиалының аумағында 20 гектарға жуық жерді қазып тастаған.

Өрескел заңсыздықты облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының қызметкерлері анықтаған. Тек орман алқабы ғана емес, Балқылдақ өзені жағасының да астан-кестеңі шыққан. Орманшылардың айтуынша, кен қазатын мекеме өз иеліктеріндегі аумақтың шекті белгісінен асып ерекше қорғаудағы аймаққа кіріп кеткен. Ал заң бойынша табиғи резерваттың аумағында қазба жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған. 

Дархан Ерсайын, облыстық Орман шаруашылығы инспекциясының бас маманы:
Осы жерде өсіп тұрған бұта және өсімдіктер толығымен жойылған, топырақтың құнарлы қабаты төменгі қабатымен араласып, үлкен зиян келтірілген. Есептеу барысында табиғатқа келтірілген зиянның мөлшері 2 миллиард 600 миллион теңге сомасына шықты.

Берік Көшербай

ШҚО

Хабарламаларға жазылу