Еліміздің әр отбасына, жеке азаматына қатысты ұлттық жоба әзірленуі керек. Өйткені өзгеден бұрын өзін ойлап, қоғамдық мәселелерге бас қатырмай шаңырағының пайдасын ғана көздейтіндер көбейген. Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов осындай ұсыныс тастады. Оның сөзінше, мұндай құбылыс рухани жүдеу, білімі саяз ұрпақтың көбеюіне әкеп соқтырады. Сенаторлар осы ретте ұлттық құндылықтарды үнемі алға шығарып отырудың маңыздылығына тоқталды. Парламенттік тыңдауға түскен идеяны талқылау барысында «Ұлы даланың ұлттық құндылықтары» тұжырымдамасы таныстырылды.
Нысаналы Ығыл