COVID-19: Шетелдік инвесторлар Қазақстанға қаржылай көмек көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19: Шетелдік инвесторлар Қазақстанға қаржылай көмек көрсетті

19.11.2020

Елімізде жұмыс істеп жатқан шет елдік инвесторлар коронавирус індеті қатты таралған қиын кезеңде қаржылай қолдау көрсеткен. 

Мәселен, Инвесторлар кеңесі қауымдастығы елордадағы көп салалы медицина орталығына 200 миллион теңгеге құрал-жабдық сатып әперді. Ал «Шеврон» компаниясы Атырау облысына құны 7 миллион доллар болатын оттегі концентраттарын сыйлаған. Ал «ArcelorMittal» Қарағандыда күнделікті ПТР-тестілеудің көлемін арттыру үшін 80 миллион теңге бөлген. Өзге компаниялар да бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында індетті бірігіп жеңуге атсалысып келеді.

Ерлан Досымбеков, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының басқарма төрағасы:
Шетелдік инвесторлар мұндай игі шараларды әлі де жалғастыруға ниетті. Өз тарапынан түрлі бастама көтеріп, көмек көрсетуге ұсыныстар беруде. Олардан түскен қаражат медицина қызметкерлеріне және науқастарды емдеуге жұмсалып жатыр.

Амангелді Сейітхан

инвестор коронавирус ПТР-тест

Хабарламаларға жазылу