Биыл жеті айда Қазақстанда 1,2 миллион теңге болатын 381 жалған банкнот анықталды. Жалпы, елде жалған купюра саны екі есеге жуық қысқарған. Сондай-ақ бұл кезеңде жалған монета табылған жоқ.
Ranking.kz мәліметінше, жыл басынан бері қолдан жасалған ақшаның саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 46,9%-ға азайды. Былтыр 718 жалған банкнот пен алты монета анықталған еді.
Биыл елімізде көбінесе номиналы 2000 теңгелік (41,47 %) және 5000 теңгелік (31,5%) купюралар қолдан жасалған.