Ақмола облысында бір шаруа қожалығының қысқа дайындаған шөбі жанып кетті. Жақсы ауданына қарасты Ешім ауылындағы «Имран-Агро2» серіктестігінің, шамамен, 200 тоннаға жуық мал азығы әп сәтте күлге айналды. Шығын сомасы 5 миллион теңгеден асады. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары мен шаруашылық жұмысшыларының арқасында тілсіз жаудың басқа маяларға, маңайдағы қора-қопсыға таралуына жол берілмеді. Шөпті әдейі өртеген деген күдік бар. Сондықтан бұл дерекке қатысты «бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру» бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Күдіктілер іздестірілуде.
Ермек Елберген