Шығыс Қазақстанда жаңа туған 14 сәбиден коронавирус анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда жаңа туған 14 сәбиден коронавирус анықталды

18.11.2020

Пандемия басталғалы бері Шығыс Қазақстанда жаңа туған 14 сәбиден коронавирус анықталды. Олар дүниеге келген алғаш күнінде жасалған ПТР-тест оң нәтиже берген. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі мәлімдеді. Сонымен қатар, облыста қауіпті вирусты 180 жүкті әйел жұқтырғаны белгілі болды. Олардың барлығына қажетті медициналық көмек көрсетілді. Осы уақытқа дейін Шығыс өңірінде кәмелеттік жасқа толмаған 166 бала да індетке шалдыққан. Олардың біреуі ғана стационарда, ал қалғаны үйде емделген. 

Берік Көшербай 


Шығыс Қазақстан сәби коронавирус

Хабарламаларға жазылу