Батыс Қазақстан облысында карантин талабын бұзған кейбір дәмхана мен мейрамхана иелері жазадан құтылып кетуде. Тіпті бірқатары тіркеуге алынбай қалған. Осылай деген облыс әкімі Ғали Есқалиев өңірдегі мониторингтік топтардың жұмысын сынға алды. Бұл сыбайлас жемқорлыққа негіз болмақ. Сондықтан мұндай деректер расталса, топ құрамындағы қызметкерлер түгелдей жұмыстан қуылатыны ескертілді.