Қостанай облысында ауыл мұғалімі ковидтен жазылып шығуына орай, көпшілікті шақырып үйінде ас берген. Оқиға Аманкелді ауданына қарасты Байғабыл ауылында болған. Карантин талабының орындалуын қадағалап жүрген монитрингтік топ осы жиынның үстінен түсті. Әуесқой түсірілімнен қонақтардың көбі егде жастағы кісілер. Ал індеттің бірінші кезекте жасы ұлғайған адамдарға қауіпті екені мәлім.
Сонымен қатар Қостанай қаласындағы мейрамханалардың бірінде 40 шақты адам шақырып құдалық өткізіп жатқандар да әшкереленді. Жанкелдин ауданында да ас беріліп жатқан 3 үйде жүзден аса адам жиналған. Тәртіп бұзғандардың бәрі әкімшілік жауапқа тартылды.
Дәуренбек Әбдібек