Бірқатар тауар түріне міндетті таңбалау енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар тауар түріне міндетті таңбалау енгізілді

17.11.2020

Тауарларды таңбалау көлеңкелі кәсіпті жойып, бюджет кірісін 58 млрд теңгеге көбейтеді. Сауда және интеграция министрі Қазақстанда 6 сала бойынша тауарларды таңбалау тәртібі енгізілетінін айтты. Бұл бюджет кірісімен қатар, заңды кәсіптен түсетін пайданы 337 млрд теңгеге дейін арттырады. Сонымен бірге тауардың өзіндік құны төмендеп, нарықтағы бағасы 10%-ке арзандайды. 3 мыңға жуық жұмыс орын ашылады. Айта кетейік Қазақстан ЕАЭО аясында темекі мен тері бұйымдарына міндетті таңбалау енгізген. Енді дәрі-дәрмек, аяқ киім, сүт өнімдері мен алкогольді таңбалауды пилоттық жоба ретінде бастайды.    

Ақерке Бектас 


тауар таңбалау

Хабарламаларға жазылу