Қазақстанда коронавирус қарқыны бәсеңдер емес. Кеше 602 адамнан вирус анықталған. Оның жартысына жуығы Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Одан кейін Солтүстік Қазақстан мен Қостанай және Павлодар облыстарында науқастар көп анықталған. Ал вирусты пневмония бойынша елімізде 23 жағдай расталып отыр. 1 адам аурудан көз жұмған.
Шерхан Жамбылұлы