Жалған доллар сатқан Алматы тұрғыны ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жалған доллар сатқан Алматы тұрғыны ұсталды

17.11.2020

Алматыда жалған 800 мың доллар купюра сатқан ер адам ұсталды. Қазір қалалық экономикалық тергеу департаменті азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде. Ол осыған дейін 100 АҚШ доллары номиналының 3 мыңға жуық данасын сатып үлгерген. Және қолдан жасалған 600 000 АҚШ долларын сату мақсатында өзінде сақтағандығы анықталды. Оған қатысты соттың санкциясымен қамауға алу бұлтартпа шарасы қабылданды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбай отыр.

Хабарламаларға жазылу