Қазақстанда қыркүйектен бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда қыркүйектен бері 241 мұғалім коронавирус жұқтырды

17.11.2020

Екінші тоқсанда еліміздің 9 өңірінде 5-сыныптар үшін кезекші топтар ашылды. Бұл шара аймақтардың эпидемиялогиялық жағдайына байланысты қабылданды. Барлық кезекші кластарда оқушы саны 15-тен аспауы тиіс. Екінші тоқсанда 1-5 кластарға арналған кезекші сыныптарда 800 мыңнан астам бала оқиды деп болжанып отыр. Білім ордаларында санитарлық талаптардың орындалуы қатаң бақылауда болады. Айта кетерлігі, баланы кезекші сыныптарда оқыту ата-аналардың өтінішімен ғана жүзеге асады. Білім және ғылым министрлігіндегілердің айтуынша, қашықтан оқытуға байланысты мұғалімдердің жалақсы қысқармайды. Егер осыған қатысты нақты дерек болса, ол егжей-тегжей тексеріледі. Екінші тоқсанда 4 мыңға жуық ауыл мектебі дәстүрлі форматта білім береді.

Рүстем Биғари, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:
7 мың білім ордасы ішінде 3700 ауыл мектебі дәстүрлі форматта білім беріп жатыр. Бұл жерде тұрғындар саны, контигнет және интернет сапасы ескерілген. Егер елді мекенде интернет жоқ болса, қашықтан оқуға ешкім мәжбүрлемейді. 

Жаңа оқу жылы басталғалы кезекші сыныптарда 302 оқушы короновирус жұқтырса, 1 бала пневмонияға шалдыққан. Қазір 456 бала емделіп жатыр. Сонымен қатар,қыркүйектен бері мектептерде жұмыс істейтін 241 адам вирус жұқтырған. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің таратқан мәліметіне сәйкес, биыл еш қай жерде жаңажылдық шаралар өтпейді.

Дарын Сағитов

коронавирус

Хабарламаларға жазылу