Jas Otan Cases: Жас көшбасшылар жиыны өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Jas Otan Cases: Жас көшбасшылар жиыны өтті

16.11.2020

Праймеризден өте алмағандар, «Жастар кадрлық резервінің» іріктеуіне белсене қатысуы керек. Республикалық жоба қаңтар айында басталады. «Жас Отан» мүшелерімен онлайн кездесу өткізген Сенат аппараты басшысының орынбасары Максим Споткай осындай кеңес берді. Айтуынша өткен жылы Мемлекет басшысының кадрлық резервіне өткен 300 маманның тең жартысы жұмысқа орналасып, қазір ел игілігі үшін қызмет етуде. Максим Споткай саясат жолында ілгерілеудің тағы бір әдісі ретінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын атады. Бұл жоба танымал бизнес-ұстаздардың сүйемелдеуімен жаңа білім мен дағдыларды меңгеруге септеседі. Спикерлер бастық емес, жақсы маман болуға ұмтылу керектігін қаперге салды.  

Ләйлә Дулатқызы  


Jas Otan жиын Праймериз Максим Споткай

Хабарламаларға жазылу