Павлодар облысында жауапсыз мердігер жазаланып, қаржы кері қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында жауапсыз мердігер жазаланып, қаржы кері қайтарылды

16.11.2020

Павлодар облысының Май ауданына қарасты Көктөбе ауылында ішкі жолдарды жөндеуге бөлінген 28 млн теңге бюджетке кері қайтарылды. Себебі, тендерді ұтып алған фирма сапасыз асфальт төсеген. Қар жауып кеткендіктен жұмыс тоқтатылды.   

Сондай-ақ , «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша жөнделуі тиіс болған 200-ге тарта нысанның 30- ға жуығы аяқсыз қалған. Мәселен, облыс орталығындағы көркемсурет музейі қазан айында ашылуы тиіс болғанмен, мерзімінде тапсырылмады.

Әбілқайыр Сқақов, облыс әкімі 
-Бұл үшін мердігерлерді жауапкершілікке тарту қажет. Мемлекеттің қаражаты, басқаша болмайды. 

Болат Аманбаев


Павлодар облысы мердігер қаржы

Хабарламаларға жазылу